Accessibility links

Азаматтық партия әр округте қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашуда

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Қазақстанның Азаматтық партиясы өз депутаттарының сайлаушылармен тұрақты байланыс орнатуы үшін әр округте Қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашты.

Бұл туралы қыркүйектің 8-інде өткен баспасөз мәслихатында аталмыш партияның бірінші хатшысы Азат Перуашев мәлімдеді.

Оның айтуынша, республиканың әр аймағында бүгінгі күнде партияның 31 Қоғамдық қабылдау бөлмелері бар. Онда депутаттың өкілі мен заң кеңесшісі және кезекші референт жұмыс істейді. Және оған келгендерге тегін заңдық кеңес көрсетіліп, керек болған жағдайда депутаттық сұрау салуға қажетті құжаттар дайындалып, Парламенттегі тиісті депутаттың алдына жеткізіледі. Ал, бір мандатты округтен сайланған депутаты жоқ аймақтарда партиялық тізім бойынша сайланған депутаттардың Қоғамдық қабылдау бөлмелері ұйымдастырылған. Оған кез-келген азамат өтініш айтып келе алады. Қабылдау бөлмелерінің өз жұмысын бастаған бір айдың ішінде оған екі мыңнан астам азамат өтініш пен арыз айтыпты. Көпшілігі әлеуметтік салаға қатысты мәселелермен шағымданған және оларға нақты көмектер көрсетілген. Бірінші хатшының атап көрсеткеніндей, бұл жерде мәселелерді шешу партияның есебінен емес, заң механизмдерін дұрыс пайдалану арқылы ғана орындалған. Бір айдағы жұмысты қорытындылай келе қордаланған ең негізгі мәселелердің бірі – зейнетақыны қайта есептеуге байланысты аталған бағдарламаның дайындалуы мен орындалуы болғандығын жеткізген А. Перуашев, алдағы уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованы фракцияның 9-ыншы отырысына шақырып, зейнетақыны қайта есептеуге байланысты сауалдарға жауап беруін сұрайтындықтарын атап өтті. Қоғамдық қабылдау бөлімдерінің жұмысын қаржыландыру Азаматтық партияның есебінен жүзеге асырылады.
XS
SM
MD
LG