Accessibility links

«Жас сайлаушылар лигасы» құрылды


Қыркүйектің 8-де Астанада «Қазақстанның жастар ақпарат қызметінің» Қоғамдық қоры баспасөз мәслихатын өткізіп «Жас сайлаушылар лигасы» ұлттық жобасының құрылғанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда 18 бен 29 жас аралығындағы 3 миллионға жуық жастар бар екен. Жоғарғы оқу орындарында 500 мыңнан астам студенттер оқиды. «Жас сайлаушылар лигасы» мүшелерінің пайымдауынша жастар мемлекеттік деңгей былай тұрсын өздері тұратын қалалардағы қоғамдық-саяси істерге араласпайды. Ешқандай шешімге ықпалы жоқ. Осы енжарлықтың айқын мысалы жастардың сайлауға қатысуы өте нашар. «Жас сайлаушылар лигасының оқу бағдарламасын басқарушы Динара Сармурзинаның айтуынша бұл ұйым жас азаматтарға сайлауды өткізудің ережелері мен қарапайым рәсімдері туралы мағлұмат беретін болады.

«Жас сайлаушылар лигасында» қазір 100-ге тарта мүше бар екен. Олар Қазақстанның ірі қалаларында жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG