Accessibility links

Қыркүйектің 8-10-ы күндері аралығында Румыния ел басы Ион Илиеску Қазақстанда ресми сапарда болады.


Астана уақыты бойынша кешкі сағат сегіздерде Илиеску мырза мінген ұшақ бүгін Қазақ жеріне қонбақшы. Ертең ел басы Сарайында мәртебелі қонақты қабылдау рәсімі, содан кейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ Румыния ел басы сапар барысында Сенат төрағалары Оралбай Әбдікәрімов және Жармахан Тұяқбаев мырзалармен де кездеспекші. Илиеску мырза Қарағандыда кезінде румын әскери тұтқындары жерленген жерге орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне де қатыспақшы, - дейді Хабар ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG