Accessibility links

Бүгін АҚШ жасақтары Саддам Хусейннің туған қаласы Тикритке арнайы рейдтер жасауда.


Себебі, дәл осы қалада Америка әскерилеріне қарсы шабуылдар көптеп жүзеге асуда. Ондай шабуылдар барысында қолдан жасалған бомбалар мен миналар көптеп пайдаланылып келеді. Әскери техникалармен жарақтанған АҚШ солдаттары кем дегенде, күдікке ілінген төрт ер азаматты тұтқындаған. Бағдатта бүгін тағы екі АҚШ әскери жараланған. Осы шабуыл барысында әскери екі техника бүлінген екен.
XS
SM
MD
LG