Accessibility links

Ирактағы жағдайды тұрақтандыру үшін АҚШ ел басы Джродж Буш Құрама Штаттар Конгресінен ақша, ал БҰҰ-нан көп көмек сұрап отыр.


Жексенбінің түнінде теледидар арқылы Вашингтоннан жолдаған сөзінде Буш мырза Ирактағы әскери шаралар мен ол елді қайта қалпына келтіру үшін, сондай-ақ Ауғанстан мен басқа да жерлердегі жағдайларға 87 миллиард доллар сұрап отырғанын айтты. Ол қаржының көп бөлігі Иракқа жұмсалмақшы. Ирак соғысын Буш мырза Американың 11-ші қыркүйектегі шабуылдарға жауабы деп түсіндірді. Ирак елі қазіргі кезде террорлық әрекеттерге қарсы күрестегі орталық майданға айналды-, деді ол.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG