Accessibility links

Араб мемлекеттері Лигасының сыртқы істер министрлері осы ұйымның бүгін Мысыр астанасында басталатын бас қосуына Ирақтағы Басқару кеңесі мүшелерінің қатысуына келісім берді.


ҚАЙЫР: Мысырдың сыртқы істер министрі Ахмад Маһирдің хабарлағанындай, жабық мәжілісте 6 сағат бойы талқылаудан кейін, уақытша Ирақ үкіметінің сыртқы істер министрі Хошийар Зибариді бас қосуға шақыру туралы шешімге келген. Бірқатар араб елі уақытша американ-британ әкімшілігі тағайындаған жаңа Ирақ өкіметін әлі де мойындағысы келмей отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG