Accessibility links

Мәслихат сайлауларын бақылау үшін ЕҚЫҰ ның екі өкілі Алматыға келген.


ЕҚЫҰ ның Алматыдағы саяси мәселелермен айналысатын бөлімінің басшысы Бет Мартин Розумиловичтің бүгінгі баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, осы аптада Венадан Алматыға жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауын бақылау үшін ЕҚЫҰ ның екі өкілі келген. Оның айтуынша, демократиялық институттар мен адам құқын қорғау жөніндегі бюроның өкілдері мәслихат сайлаулары өтетін 20-сыншы қыркүйекке дейінгі екі аптада Қазақстанда болып, сайлау алды науқанды да байқайды. Және де олардың жергілікті атқарушы билік басшылармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесулер өткізбек.
XS
SM
MD
LG