Accessibility links

Венада Халықаралық атом энергиясы агенттігінің жабық отырысы өтуде.


Бүгін Венада Халықаралық атом энергиясы агенттігінің жабық отырысында, АҚШ ұсынған- Иран ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтатсын деген талаптағы қарары қаралуда. Кеше, МАГАТЭ басшысы Мохаммед Әл Барадей, Иран елін ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық инспекцияны өзінің ядролық нысандарына жіберуге рұхсат беретін қосымша хаттамаға қол қоюға шақырған. Иран өкілі Техранның шешімі Венадағы келіссөздер нәтижесімен байланысты болады деген. АҚШ-тың Иран ядролық қару өндіріп отыр деген айыптауын Техран мойындамай отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG