Accessibility links

Бүгін Солтүстік Кореяда республиканың құрылғанына 55-жыл толғандығы аталып өтілуде.


Пхеньянда осыған орай, әскери әндермен шеру өткізілуде. Батыс саясатшылары Солтүстік Корея елінің лидері Ким Джонг Ил шеруге қатысқанымен, онда сөз сөйлеген жоқ деп айтуда. Бұл салтанатты жиын Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарыс кезеңінде жүріп жатыр. Солтүстік Корея қарулы күштерінің басшысы Ким Ионг Чан парадта сөйлеген сөзінде, өз елінің ядролық қару жасауды, қорғану мақсатында жалғастыра беретінін айтқан. Өткен айда Солтүстік және Оңтүстік Корея, Құрама Штаттар, Қытай, Ресей және Жапония елдерінің осы мәселені реттеу жөніндегі келіссөздері сәтсіз болған. АҚШ Пхеньян ядролық қару жасаудан толығымен бас тартуы керек десе, Солтүстік Корея Вашингтоннан қауіпсіздікке кепілдеме сұрап отыр, әрі АҚШ пен ғана тікелей келіссөз өткізуді талап етуде.
XS
SM
MD
LG