Accessibility links

Оппозицияға көрсетіліп жатқан тағы бір қысым


9 қыркүйек күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің мүшелері журналисттермен кездесті.

Онда олар Қазақстанның демократиялық күштері атынан мәслихат депутаттығына үміткер болғандарға көрсетіліп жатқан заң бұзушылық жөнінде баяндады. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Петр Своиктың айтуынша, 20 қырқүйек күні өтетін сайлауға оппозиция өкілдері бұл сайлаудың мағынасы екі түрлі болғаннан кейін қатысқанын айтты.

- Біріншіден, билік бұл сайлауды бұрмалаушылық негізінде немесе немесе әділетті түрде өткізуі мүмкін. Алайда Петр Своик соңғы оқиғаларға қарағанда бұл сайлау бұрынғы, яғни бұрмалаушылық негізінде өтетін түрі бар. Оған демократиялық күштер мүшелері төңірегінде қалыптастқан жағдай дәлел бола алады, - дейді Петр Своик. Петр Своиктың айтуынша, Алматы қаласында демократиялық күштер қатарынан шыққан үміткерлер жөнінде теріс ақпарат тарататын орталық бар сияқты.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің мүшесі Бахыт Түменова Орталық сайлау комиссиясының кесірінен сайлау науқанына 8 күн кешігіп кіріскенін айтты.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің мүшесі Бахыт Түменовa:

- 405 адам тіркелді,оның төртеуін алып тастап, екеуін сайысқа қайта қосты. Оның бірі мен, екіншісі Бәкірланов мырза. Бірақ бүгінгі таңда оппозиция қатарынан тағы екі адам бар. Олар Семей өңірінен Теміров және Қасымбеков деген азаматтар. Бикен Теміров деген азаматтың ісі менімен бірге Орталық сайлау комиссиясында қарастырылған. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы мені қайта тіркесе, Теміров жөнінде сөз айтқан жоқ. Сол себептен Теміров мырза сайысқа қатыспай отыр. Егер Орталық сайлау комиссиясы әділетті түрде, заң негізінде барлығымызға бірдей қарайтын болса, неге Теміровты қайта тіркемейді. Осыған қарағанда, - дейді Бахыт Түменова алдағы сайлау әділетті түрде өтеді, дегенге сену қиын.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестіктің мүшесі Бахыт Түменова: - Маған «Хабар» агенттігі арқылы, Сіздің мәселеңіз шешілді, дегендей рахмет айтқызғандай болды, бірақ Орталық сайлау комиссиясы болсын, сот болсынн олардың көзқарасы шынайы, әділетті, деп ойламаймын. Жоғарыда айтылған мәселелерді тізіп беріп, демократиялық күштер атынан немесе «Алматыны таза қолға беру» атты көп ұлтты платформа мүшелері Орталық сайлау комиссиясына өз ұсынысын жеткізген . Бұл бес ұсыныс арқылы демократтар сайлаудың әділетті өтуін қамтамасыз етуге болады, деген ойда. Демек олардың ұсынысы бойынша, бақылаушылар сайлау комиссиясы мүшелерімен қатар сайлауға келгендерді арнайы тізімге енгізіп отыру керек. Екіншіден, бақылаушылардың сайлауға келген адамның құжатын көруге мүмкін алшақтылықтан бақылап тұруына мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бақылаушылар дауыс санау барысында бұрмалаушылыққа жол бермеуі керек. Бұл ұсыныстарын демократтар Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына жіберген, Орталық сайлау комиссиясы ресми түрде болмаса да қолдайтынын білдірген.
XS
SM
MD
LG