Accessibility links

Кеше Тель-Авивтің сыртындағы әскери базаның автобус аялдамасында жанкештінің жарған бомба жарылысынан оның өзімен бірге сегіз адам қаза тапқан.


Тағы да 20 адам түрлі жарақат алған. Бұл қастандық жауапкершілігін ешбір топ өз мойнына алған жоқ, дегенмен де Израил үкіметінің өкілі Али Пазнер бұған Палестин билігі жауапты деп атап көрсеткен: - Мұндағы жауапкершілік осындай қастандық әрекеттерге баратын террорлық ұйымдар мен оларды қарусыздандыру үшін түк бітірмей отырған Палестин билігінің арасында. АҚШ, Ресей және Европа одағы бұл бомба жарылысын айыптады. Палестин билігі де мұндай қастандық шабуылын жақтамайтындығын білдірген. Иерусалимнен түскен басқа бір хабарға қарағанда қаладағы еврей кафесінде болған жарылыста ең кемінде екі адам өліп, тағы бірнешеуі жараланған.
XS
SM
MD
LG