Accessibility links

Жаңалықтар агенттіктері Ирақтың солтүстігіндегі күрдтердің Арбил қаласында көлікте бомба жарылып, бірнеше адам өлді деп хабарлайды.


Си-Эн-Эн түрік телеарнасы кемінде екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды деп хабарлаған. Мена Египет ресми жаңалықтар агенттігі бақылау-өткізу бекетінің жанында болған бұл жарылыста көп адам қаза тапты деген хабар берген. Ал Америка әскерилері бұл көлік жарылысында ирақтық бір тұрғын қаза тауып, 40-шақтысы жараланған және 6 американды жарақат алды деп айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG