Accessibility links

Астанада ТМД елдері сыртқы істер министрлігі консулдық қызметі жетекшілерінің 14-ші отырысы өтті.


Оған Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Украина елдерінің сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысқан. Отырыста ТМД елдері арасында қол қойылған консулдық конвенцияның жүзеге асуы сөз болған. Және күн тәртібінде заңсыз миграцияға бақылау жүргізу шаралары мен шекарадан өту үшінгі өзара келісімдерге өзгерістер енгізу мәселелері де қаралған. Келесі жылдың екінші жартысында Душанбеде өтетін бұл Консультативті кеңестің кезекті отырысында Қазақстанның халықаралық бала асырап алу жөніндегі тәжірбиесі жайындағы баяндамасы тыңдалады.
XS
SM
MD
LG