Accessibility links

Қазақстан АҚШ-қа Гуантанамо базасындағы өзінің азаматтарын қайтару жөнінде өтініш білдірмек.


Қазақстан АҚШ-қа қайрылып, Гуантанамо базасындағы өзінің азаматтарын қайтару жөніндегі өтінішін білдірмекші. Бұл жөнінде Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің басшысы Уалихан Қоңырбаев мәлімдеген. Гуантанамодағы АҚШ-тың әскери базасында Ауғанстандағы талибтер мен Әл қаида ұйымының мүшелерін ұстау операциясы барысында тұтқындалған төрт қазақстандық та бар. Қоңырбаев Қазақстан азаматының Ауғанстанда ұсталған кезде қолында қару болғанын ал, басқалары лагерде дайындықтан өтіп жатқанын мойындап отыр. Дегенмен, қазірге дейін олардың соты болған жоқ, және олардың кінәлі екендіктері анықталған жоқ - дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі. Тергеу аяқталған соң, Қазақстан АҚШ-тан өз азаматтарын қайтаруын сұрамақ.
XS
SM
MD
LG