Accessibility links

Бүгін Араб елдері лигасы сыртқы істер министрлерінің Қайырда өтіп жатқан саммиті екінші күнгі жұмысын аяқтайды.


Оған Ирақтың уақытша үкіметінің сыртқы істер министрі Хошияр Зебари да қатысуда. Зебари кездесуге қатысушыларды жаңа Ирақта енді адам құқықтары мен демократия сақталатын болады деп сендірді. Саммиттің кешегі отырысында Саддам Хуссейн режимі кезіндегі адам құқықтарының бұзылғанын сынға алған қарар қабылданған. АҚШ президенті Джордж Буш кеше қайтадан, коалиция күштеріне күн сайын болып жатқан шабуылдарға қарамастан, Құрама Штаттар Ирақта демократия орнататын болады деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG