Accessibility links

Таяу Шығыстағы жағдайлар шиеленісіп отыр.


Бүгін Израил премьер министрі Ариель Шарон кешегі екі жанкешті террористің Тель-Авив пен Иерусалимде жасаған жарылыстарынан кейін, өзінің Үндістандағы сапарын тоқтатып еліне қайтты. Ол жарылыстардан 14 адам өліп, 60 шақты кісі жараланған. Бұл терактілерге жауапкершілікті әлі ешбір ұйым алмағанымен, палестиндік Хамас тобы мұны таяуда израилдіктер тарапынан өлтірілген Хамастың мүшесі үшін кек қайтару деп атаған. Осыдан кейін бүгін Израил жағы Газа қаласын әуеден атқылауда. Ол шабуылдарда Хамас жауынгерлік тобы жетекшісі Махмуд Захардың үйі нысанаға алынып, ол жараланып оның оққағары және тағы екі кісі өлген. 20 шақты адам жараланды. Ясир Арафаттың өкілі Набил Рдейнех Израилдің әуеден зымыранмен атқылап жатқынын сынады.

- Біз Газадағы бүгінгі шабуылдарды айыптаймыз. Біз бұл атқылаулар жағдайды шиеленістіріп жібереді деп ойлаймыз, - дейді Палестина өкілі. Және ол Палестина басшылығының Израил мен Палестина арасындағы қақтығысты реттеуге жоғары деңгейдегі халықаралық араласу қажет деп білетіндіктерін айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG