Accessibility links

Таяу шығыс. АҚШ президенті Дж.Буш Таяу шығыстағы бейбіт өмір үшін "жол картасы" жоспарына адал болып қала беретіндігін айтып, палестиндіктерді эксстремистік топтармен күресуге шақырды.


- Мен көршілес жатқан бейбіт екі мемлекет Таяу шығыстың болашағына үмітпен қарайды деп сенемін. Жол картасы әлі сонда. Мұндағы негізгі мәселе адамдар, бейбіт адамдар осы жол бойымен жүре ме дегенге келіп саяды, - деп атап көрсетті президент. Ақ үйдің өкілі Скот МакКлеллан Палестиннің жаңа премер-министрі Ахмед Курей терроризмнің барлық түріне байланысты өз бағытын айқын білдіруі керек деген. Таяу шығыста бейбітшілк орнатуға деген шақырулар бомба жарушы екі жанкештімен бірге 15 израилдық қаза тапқан және көптеген адамдар жараланған оқиғалардан соң, бір күннен кейін айтылды. Ресейдің сыртқы істер министрі Игорь Иванов Боснияда сөйлеген сөзінде халықаралық қауымдастықты аймақта тыныштық орнатуға атсалысуға шақырып, егер қажет болса бейбіт жасақтар жіберуге әзір екендіктерін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG