Accessibility links

Бүгін АҚШ-ы 3 мыңдай адамның өмірін жалмап кеткен 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдарға екі жыл толуын атап өтуде.


Нью-Йорктағы халықаралық сауда орталығының орнында құрбан болғандардың туған-туыстары оларды үнсіздікпен еске алады. 200 бала терорлық шабуылдан қаза тапқандардың аты-жөндерін кезектесіп атап тұратын болады. АҚШ президенті Дж.Буш көкпен таласқан екі зәулім ғимаратқа жолаушылар ұшағын тероршы-жанкештілердің алғашқы ұшақты бағыттап әкеліп соққан, Прага уақытымен күндізгі 14 сағат 46 минуттағы қас-қағым сәтті Ақ үйден қарап-бақылайтын болады. Қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Вашингтонның жанындағы ұлттық қабір басына гүл шоқтарын қойып, терроршылар басып алған үшінші жолаушылар лайнері зақымдаған Пентагон туына тағзым етеді. Мұнан соң жарты сағаттай мезгіл өткенде, терроршылардың қолына түскен төртінші ұшақ құлаған Пенсальвани штатында еске алу қоңыраулары шалынады. Америкаға жасалған террорлық шабуылдардың екі жылдығы алдында кеше кешкісін АҚШ президенті Дж.Буш астыртын қастандықтар ұйымдастырушы терроршыларды қайда болмасын тауып, жазаларын беруге міндеттенді. - Америка азамттарын қорғаудың ең жақсы әдісі ол өз үйіңде де, шетелде де шабуыл жағдайында қала беру, - деп атап көрсеткен ол. Буштың бұл сөздері Арабтың "әл-Жазира" телеарнасы Әл-қаида ұйымының басшысы Осама Бен Ладен мен жетекшілердің тағы бірі Айман әл-Зауаридің видеотаспасын көрсеткеннен кейін айтылған. Онда жазылған дауыс АҚШ-қа тағы да шабуылдардың болатындығы жөнінде айтады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG