Accessibility links

«Қазақстан экономистер қауымдастығы» ұлттық экономикалық ғылымның деңгейін көтеруге ықпал етпекші


Қазақстанда экономикалық ғылымның деңгейі, экономистерді кәсіби даярлау жайы қазіргі заманның әлемдік экономикалық үрдістеріне және экономикалық реформалардың міндеттеріне сәйкес келмейді.

Қыркүйектің 11-де баспасөз мәслихатын өткізген «Қазақстан экономистерінің қауымдастығы» қоғамдық қорының Президенті Жаннат Ертілесова мен қауымдастық қорғаншылық кеңесінің төрағасы Арыстан Есентүгелов осылай деп мәлімдеді.

Бұл қауымдастық биыл мамыр айында құрылған. Оны құруға Қазақстандық танымал экономистер Ораз Жандосов, Әнуар Сәйденов, Серік Аханов және Жаннат Ертілесова мен Арыстан Есентүгелов және басқа да экономистер мұрындық болған. «Қазақстан экономистерінің қауымдастығы» қорының басты мақсаты Арыстан Есентүгеловтың айтуынша жас экономистердің кәсіби өсуіне көмектесу. Ол үшін өзекті экономикалық мәселелерді талқылауға шетелдік ғалым экономистерді жне реформатор-практиктерді шақырып дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланған. Сонымен бірге қауымдастық экономика мәселелеріне арналған үздік кітап, мақала үшән жалпыұлттық жыл сайынғы конкурс өткізетін болады.
XS
SM
MD
LG