Accessibility links

Бүгін Израил премьер министрі Ариель Шарон үкіметтің төтенше отырысын өткізді.


Онда сейсенбі күні 15 изралдықтың өмірін қиған терактілерге жауап қайтару мәселесі көтерілуде. Израил үкіметінің бұл отырысында Газа қаласында терроризмге қарсы операциялар жүргізу мен Ясир Арафатты депортациялау мүмкіндігі қаралмақ. Кеше израил ұшақтары Хамас тобының жетекшісі Махмуд Захардың үйін атқылаған. Махмуд Захар жеңіл жараланып, оның баласы мен оққағары қаза болған. Сондай-ақ, кеше Палестина парламентінің спикері Ахмед Курей үкімет басшысы қызметіне келуге келісіп, дағдарыстағы үкіметті қалыптастыруға тырысам деп айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG