Accessibility links

Бүгін Швецияның сыртқы істер министрі Анна Линд 9-сағаттық операциядан кейін көз жұмды.


Ол кеше белгізсіз бір қылмыскердің пышаққа ұрғанынан ауруханаға түскен болатын. Қылмыскер Анна Линдтің кеудесіне, ішіне, қолына пышақ сұққан. Швеция премьер министрі Горан Перссон 46 жасар Анна Линд бүгін таңертең қайтыс болғанын өкінішпен хабарлады.

Швеция премьер министрі сыртқы істер министрі Анна Линдттің өліміне қайғырып, оның отбасы мен жақын-туыстарына көңіл айтты. Оның артында күйеуі мен екі баласы қалып отыр. Полиция қылмыскерді іздестіруде. Еуропа елдерінің жетекшілері мен Еуропалық Кеңестің төрағасы Романо Проди Анна Линдтің өліміне байланысты оның жақындарына көңіл айтты.
XS
SM
MD
LG