Accessibility links

Қоғамдық Кеңестің Қазақстан Президентіне үндеуі


Президент жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық Кеңес Қазақстан Президентіне үндеу жариялады

11 қырқүйек күні Қазақстан Президенті жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық Кеңестің мүшелері баспасөз мәслихатын өткізді. Журналисттердің журналисттермен кездесуіне Қазақстан Президентіне арналған үндеу болды. Демек, 1995 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына салық төлеуде жеңілдік енгізілген болатын, яғни Қазақстанның газет, журналдар және радио -телеарналары қосалқы салық төлеуден босатылған. Үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанында бұқаралық ақпарат құралдары мұндай мүмкіндіктен айырылады. Қазақстан Президенті жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық Кеңестің төрағасы Сейтқазы Матаевтың айтуынша, бұл жеңілдіктерді алып тастаса, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы нашарлауы мүмкін.

Қазақстан Президенті жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық Кеңестің төрағасы Сейтқазы Матаев: - 1995 жылы 24 сәуірде салық кодексі туралы заң шықты. Сонда газет, журналдарға осындай жеңілдіктер енгізілген. Соңынан 2001 жылдың 12 маусымында осындай жеңілдікке радио және телеарналар ие болды.

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары қосалқы салық төлемін 7 жыл бойы төлемеген, енді бұл жеңілдікті олар Қазақстан Президенті арқылы тағы 7 жылға созуды жоспарлап отыр. «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбектың айтуынша, мұндай жеңілдіктер алынып тастаса, бұл мерзімді басылымдардың құнына әсер етеді.

«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек: - Қазір қазақстандықтар газет, журналдарға жазылым жатыр. Бүгінгі таңда «Егемен Қазақстан» газетінің бір жылдық бағасы 2100 теңге, ал «Жас Алаш» газетінің құны 2600 тенге. Қосалқы салық төлемін төлемеу жеңілдігі 31 желтоқсан күні аяқталады. Егер Президенттің көмегімен осы мерзімді созбасақ, газеттің қағазы бар, журналисттердің айлығы бар, басқада дүниелерге бар қаржының жетпей қалуы мүмкін. Бұл мәселені біз бүгін ғана көтеріп отырған жоқпыз, көктемнен бері айтып келеміз.

Егер жаңа жылдан бастап қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарна берілген жеңілдіктер алынып тастаса, онда олар 16 процент көлеміндегі қосалқы салық төлемін төлей бастайды. Бұл өте көп, - дейді «Экспресс К» газетінің бас директоры Александр Губерт.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың пайымдауынша, БАҚ өкілдерінен қосалқы салық төлемін алыптастау арқылы мемлекет бюджеті мөлшерінде 200 мың доллар көліміндегі қаржыдан құр қалады. Бірақ, дейді «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек мемлекет қаржылай шығын мәселесін БАҚ арқылы шешкенімен, өзге мәселе туындауы мүмкін.

«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек: - Біз көп дәрежеде, тәуелді немесе тәуесіз газет болсақта мемлекеттік саясатты жүргізіп отырмыз, осы мемлекеттің аяғынан тұрып кетуіне үлес қосып жатырмыз. Мемлекеттік саясатты жергілікті жерлерге жеткізіп отырған осы газет, журналдар және журналисттер. Оны Қазақстанның барлық аймағына жеткізу үшін де айтарлықтай қаржы керек.

Қазақстан Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі қоғамдық Кеңес мүшелерінің айтуынша олардың бұл қадамын республиканың Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі қолдап отыр.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар осылай Қазақстан Президентіне үндеу қабылдады. Жылдың аяқталуына 3 жарым ай қалсада, олар 2004 жылдан бастап бұл жеңілдіктер алынып тастамайтын шығар, деген ойда.
XS
SM
MD
LG