Accessibility links

Кеше Швециямен бірге әлем жұрты қапыда ұрылған пышақтан қаза тапқан сыртқы істер министрі Анна Линдтің мезгілсіз өліміне қайғырды.


Министр алдыңғы күні Стокгольмнің орталығында сауда жасап жүрген кезінде белгісіз біреу оған қастандық еткен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, Анна Линд кеше таңертеңгісін қайтыс болды. Әлем елдерінің жетекшілері, марқұмның әріптестері қайғыға ортақтасып, оның ерекше жоғары қабілеті жөнінде айтуда. Британияның сыртқы істер министрі Джек Строу: - Ол ерекше бір қабілетті, барлық талаптарды таразылай білетін, Швецияның жетекші саяси қайраткері ретінде, Европаның ең белсенді сыртқы істер министрлерінің бірі еді, - десе, Британия сыртқы істер министрі, БҰҰ-ң бас хатшысы Кофи Аннан, АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл және Ауғанстанның сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла да өз пікірлерін білдірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG