Accessibility links

Әлемнің әр түкпірінде адамдар АҚШ-на жасалған 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдарға екі жыл толуын атап өтіп, құрбан болғандарды еске түсірді.


Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Буш америка халқы бұл қаралы да қайғылы күнді ұмытпайды. Қаза тапқандарды, ағыл-тегіл төгілген көз жасын біз ешуақытта естен шығармаймыз деген. Еске алу күнінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл мемлекеттік департамент қызметкерлері алдында былай деді: - Бұдан екі жыл бұрын дәл осы күні біздің Отанымыз және бүкіләлем асқан зұлымдық пен ұмытылмас ерліктің, ерекше қатыгездік пен орасан қайғы-қасіреттің куәсі болды. Біз бірақ бұған мойып, бүгіліп, кектеніп отыра берген жоқпыз. Біз президент Буштың бастауымен шешімді қимылдарға бардық. АҚШ-тың басшылығымен әлемнің барлық елі қауымдасып, терроризм деген зұлымдықты жер бетінен түп-тамырымен жоюға жұмылды. Осыдан екі жыл бұрынғы 11 қыркүйектегі Америка халқының қасіретіне ортақтасқан достық, жылы лебіздерге толы жеделхаттар Дүние жүзі елдерінің жетекшілерінен бұл күні мүхиттың арғы бетіне жол тартты.
XS
SM
MD
LG