Accessibility links

Израил Палестин басшысы Ясер Арафат бейбітшілік жолындағы ең басты кедергі деп атаған.


Сондықтан да бұл кедергіні жою үшін шешімді әрекет ететін боламыз деген. Премьер-министр Ариел Шаронның кеңсесі жариялаған мәлімдемеде Шарон Палестин билігі террорлық топтардың көзін құртып болмайынша, ісламдық қарулы топтарға қарсы соққы бере беру керек деп айтты деген сөздер бар. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер Арафатты орнынан қозғап, басқа жерге кетіру пайдалы болмайды деген. - Палестин жетекшісі Арафат мырзаға қатысты біздің көзқарасымыз өзгерген жоқ, біздің ойымызша ол шешімнің емес, күрделі мәселенің бірі. Сонымен бірге оны күштеп қоныс аударту соншалықты тиімді бола қоймайды, бұл оған жаңа мүмкіндік береді. Европа одағы Арафатты күштеп кетіреміз деген шешімінің салдары қалай болатындығына алаңдаушылық білдіріп, Израилды кез-келген қадамға барарда оны екшеп-таразылауға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG