Accessibility links

Бүгін ондаған мың палестиндік Рамалла мен Газада Ясер Арафатқа қолдау көрсетуге жиналды.


Олар Израил Арафатты елден күштеп кетіреді деп айтқаннан кейін, басшыларына қолдау көрсетуге шыққан. Арафаттың Фатх қозғалысы жетекшілердің бірі Ахмед Гхнеим Израилды Арафатқа жеткізбеу үшін үзіліссіз күзетке тұрыңдар деп палестиндіктерге үндеу тастаған. Арафат жақтастарына өзінің елден шығарылмайтыны жөнінде айтқан. АҚШ-ы,Европа одағы және Египет Израилдың мұндай шешім қабылдауына қарсылық білдірген болатын. Мысыр елінің президенті Хосни Мүбарак былай деген: - Егер Арафат елден кетірілетін болса, біз әрине оған өз меймандостығымызды танытар едік. Бірақ менің ойымша бұлай ету, яғни Арафатты кетіру, мүлде дұрыс болмаған болар еді. Егер ол кетірілетін болса, Палестин жерінде не болып кететіні жөнінде ешкім ешнәрес айта алмас еді. Лаңкестік пен бұзақылық барлық жерде белең алады. Бұл өте бір қатерлі жағдай болар еді. Палестиннің премер-министрі Ахмед Курей Израилдың Арафатқа қатысты ұйғарымын қатерлі деп атады. Бұлай ету министрлер кабинетін жасақтауға мүмкіндік бермейді, бұл Палестин аймағына соққы болады деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG