Accessibility links

Бүгін Американың мемлекеттік департаменті "Әл-қаида" ұйымы американдықтарға қарсы шабуылдар жасауға дайындалуда деген ескерту таратқан.


Жазбаша мәлімдемеде жаңа апатқа жол беруге болмайтындығы жөнінде айтылған. Мемлекеттік департаменттің өкілі Ричард Баучер бұл ескертулердің жаңа ақпарат пен талдаулaрға негізделгенін айтқан. -11 қыркүйек біздің бәріміз де өте ерекше қырағы болуға тиісті сәт, өйткені кейбір адамдар өткенде болған жайттарды қайталағасы келуі мүмкін. Әсіресе 11 қыркүйек оқиғасының екі жылдығы еске алынып жатқан уақытта да террор қаупі төніп тұрғаны жайында америка азаматтарының есіне салу керек дейді департамент өзінің халықаралық деңгейдегі ескертуінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG