Accessibility links

Депутаттық додасына 7 кандидат қатыспайтын болды


Астана қаласында құрылған 25 округте қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттыққа 177 үміткер тіркелген болатын.

Қыркүйектің 12-іне дейін осы кандидаттардың 170-і қалды. Өйткені, депутаттықтан үміткерлердің 6-ы өз өтініштерін қайтарып алды,ал, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 29-шы бабының 1-ші бөлігінің талабын бұзғаны үшін №9-шы аймақтық сайлау комиссиясы бір кандидатты тіркеуден алды,-деп мәлімдеді қыркүйектің 12-сі күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Астана қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Вера Пытьева.

Вера Пытьеваның айтуынша, үміткерлер үгіт-насихат істерін жүргізуде кемшіліктерге орын беріп отыр. Үміткерлерге бірдей деңгейде қаржы бөлінген. Олар осы қаржы көлемінде ғана үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі керек. Бірақ сайлауға бөлінген қаржыны жұмсамау және толық ақпаратсыз үгіт-насихат қағаздарын тарату сияқты олқылықтардың орын алуы болған.

Вера Пытьеваның айтуынша, сайлаушыларды сатып алу секілді оқиғалар әзірге анықталған жоқ.
XS
SM
MD
LG