Accessibility links

“Коррупциядан бірінші орында - әкімдер…”


Қыркүйектің 10-ы күні өткен қылмысқа қарсы күрес мәселесіне арналған кеңес өтті.

Қыркүйектің 10-ы күні өткен қылмысқа қарсы күрес мәселесіне арналған кеңесте Қазақстан Президенті әскери қызметкерлердің қайсыларының погонды киімді киюі және кимеуі жөнінде және сыныптық шендерді алып тастау туралы мәселе көтеріп, тиісті орындар алдына талдау жұмыстарын жасауды жүктеген еді.

Қыркүйектің 12-і күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Парламент Мәжілісінің депутаты Жазбек Әбдиев осы мәселеге қатысты айтқан пікірінде бар-жоғы 15 миллион халықы бар елде құқық қорғау органдарының көптігін атады. Оның айтуынша, сегіз орган қызметкерлері пагон тағады.

- Пагонды көбейткеннен кейін ешқандай нәтиже болмады. Себебі, бізде пагон таққан адамнан қорқады деген менталитет қалыптасқан. Ал, пагонсыз киім киген адамға бағынбайды. Сондықтан көбірек пагон болсын деген ой болған шығар.

Демократиялық процестерді әрі қарай жүргізсек, пагондардың көбісінен арылуымыз керек. Ал, генералдық лауазымдар, тиесілі тәжірибесі бар және Ресей, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен шекаралас аймақтардағы басшыға генерал атағын беруге болады. Өйткені, халықаралық қатынастарда олардың шендері тең дәрежеде болуы керек,-дейді бұрынғы құқық қорғау қызметкері, бүгінгі күні Парламент Мәжілісінің депутаты Жазбек Әбдиев. Бірақ ол сот төрешілерінің сыныптық шендерін алу туралы пікірді қош көрмейді.

- Жазбек Әбдиев, республика бойынша коррупциядан қандай органдардың алда тұрғанын атады.Оның айтуынша, мемлекетте бірінші орында-атқару органдары, әкімдер, әкімнің аппараттары, себебі, биліктің бәрі солардың қолында, екінші орында-құқық қорғау органдары, полиция, сот, прокуратура, қаржы полициясы, үшінші орында-кеден. Коррупцияның бәрі сол күш бар жерде жиналған.

Депутат Жазбек Әбдиевтің айтуынша, құқық қорғау органдары саласына қатысты аталған мәселелер бойынша заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы тұр.
XS
SM
MD
LG