Accessibility links

«Сөз» басылымының үстінен қозғалған әкімшілік іс бойынша сот отырысы

  • Сәуле ОМАР

Оппозициялық бағыттағы «Сөз» басылымының үстінен қозғалған әкімшілік іс бойынша сот отырысы Алматы қалалық сотында жұма күні одан әрі жалғасты.

Бұдан бұрындары хабарлағанымыздай, 14- тамыз күні шешім шығарған ауданаралық әкімшілік сот аталған басылымның бас сарашысы Шәріп Құрақбайға 20 ең төменгі жалақы есебімен 17400 теңге айыппұл салған болатын. Сот шешімімен келіспеген Шәріп Құрақбай содан соң қалалық сотқа шағымданған- ды. «Қалалық соттың аяқалысы әзірге жаман емес. Сот қазірде келесі сот отырысына министрлік өкілін шақырып отыр. Өйткені, газетке тағылған айыпты дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін сотқа министрлік өкілінің қатысуы міндетті» дейді Шәріп Құрақбай.

Тағылған айып негізінде газеттің мазмұнына қатысты. Яғни, сарапшылардың қорытындысы бойынша, басылымға ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркелгендей, ақпараттық- танымдық газет емес, қоғамдық – саяси басылымға айналдыңдар деген кінә қойылып отыр. Өз кезегінде министрлік өкілдері, олай болса басылымды қоғамдық- саяси газет ретінде қайта тіркеңдер дегенді алға тартқан. « Алайда оған қажетті құжаттардың жіберілгеніне 1айға жуық уақыт болғанымен, әлі күнге біржақты жауап болмай тұр» дейді «Сөз» газетінің бас сарашысы Шәріп Құрақбай. Ал заң бойынша, 15- күн аралығында министрлік нақты жауабын беру керек.

Осы істі жүргізуші Алматы қалалық сотының соты Хадиша Әбсемітова сот үрдісі аяқталмағандықтан, аталған іске байланысты БАҚ- на әзірге ешқандай түсініктеме бермейтіндігін жеткізді. Сот отырысы алдағы дүйсенбіде одан әрі жалғасатын болады.
XS
SM
MD
LG