Accessibility links

«Отандастар» партиясы Әділет министрлігінің табалдырығын тоздырумен келеді

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

«Отандастар» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын қорғаймыз, ел мүддесін ойлау басты парызымыз дегенді жиі айтады.

Халықтың әлеуметтік жағдайын қорғаймыз, ел мүддесін ойлау басты парызымыз деуді жиі айтумен келе жатқан «Отандастар» партиясы басшыларының бірі Жақсыбай Бәзілбай жұма күні өздерінің саяси ұйымын Әділет министрлігі осымен жетінші мәрте тіркеуден өткізбей, қайтарып жібергенін айтады.

- Әділет министрлігі мұны не мақсатпен жасап отырғаны маған түсініксіз, олар біздің партияны не себепті тіркемей отырғанын айтпайды, бізден қашып, тіпті сөйлесуді де қойды, - дейді Жақсыбай Бәзілбай.

Партия тең төрағасының айтуынша, олардың бағдарламалары Отан партиясымен үндес көрінеді. Ал Отан Президенттің партиясы болғандықтан әлдеқашан тіркеліп алған. Жақсыбай Бәзілбай осылай дейді.
XS
SM
MD
LG