Accessibility links

Америка үкіметі Израилға Палестин басшысы Ясер Арафатты қуғындау әрекетінен бас тарту жөнінде ескертті.


Израил кабинетінің бұдан бір күн бұрын Арафатты елден шығару жөніндегі шешіміне қарсы халықаралық қауымдастықтың сыны кеше ұлғая түсті. Израилдағы АҚШ елшісі Даниел Кюртзер тараптардың екі жағы да жол картасының талаптары мен міндеттеріне қайта оралуы қажеттігін айтып, палестиндіктердің бұл бағытта бірқатар қадамдар жасауы керектігін атап көрсетті. - Біз 2002 жылғы 24 маусымдағы президенттік көзқарастың жүзеге асқанын әлі де көргіміз келеді. Біз палестиндік өкілетті биліктің қимылын, террорлық инрфрақұрылымдарға қарсы міндеттердің орындалғанын көргіміз келеді, - деген елші. Израилдың Арафат жөніндегі шешімі жария болысымен, Палестин басшысын қолдаушылар оның Рамалладағы сарайын қоршап алды. Осы аптаның демалыс күндері Таяу шығыс төрттігі - АҚШ, БҰҰ-ы, Европа одағы және Ресейдің сыртқы істер министрлері Женевада БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннанмен кездесіп, бейбіт реттеу жоспарын қайта жандандыру мәселесін талқылайтын болады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG