Accessibility links

Кеше АҚШ-ы Тегеран Халықаралық атом энергиясы агенттігінің талаптарын орындаудан бас тартатын болса, онда ядролық бағдарламасын құпия дамытып отырғанының дәлелі деген.


Мемелекттік департаменттің өкілі Адам Эрли журналистерге Америка үкіметінің Атом энергиясы агенттігінің Венада қабылдаған Иранның ядролық бағдарламасы үшін кесімді мерзім ретінде қазанның 31-ін белгілеген шешімін құптап қарсы алады деп айтқан. - Біз Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басқармасымен бірлесіп, тығыз жұмыс істеуді жалғастыра беретін боламыз, сөйтіп кезекті бас қосуда басқарма қорытынды жасай алатындай кепілдік болуына, яғни Иран ядролық бағдарламасы жөнінде бағытын өзгертпейтін болса, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне Иранның талапты орындамай отырған турасында хабарлау үшін, - деген-ді ол. Хабарларға қарағанда Халықаралық атом энергиясы агенттігі аталған құжатты қабылдап жатқанда, Иран делегациясы наразылық танытып мәжілістен шығып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG