Accessibility links

Бүгін БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше бес елдің сыртқы істер мин-трлері Женевада кездесіп, Ирақтың болашағы турасында талқылау өткізбек.


АҚШ пен Францияның, Қытайдың, Ресейдің және Британия министрлерінің бұл бас қосуында Ирақтағы жағдайды тұрақтандырып, қайта қалпына келтіру үшін көбірек қаржы мен халықаралық жасақтарды тарту жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің АҚШ жобалаған шешімі сөз болады. Кездесуге БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан да қатысуға тиіс. Женеваға ұшар алдында АҚШ-тың мемлекттік хатшысы Колин Пауелл келесі айдан бастап билікті Ирақ үкіметіне беру жөніндегі Францияның ұсынысы ақылға сиымсыз деп атап көрсеткен. Ирақтағы күштері күн сайын шабуылдарға тап болып, қаржылай шығыны да артып бара жатқандықтан да АҚШ Америка басқаруында БҰҰ-ның аясындағы көпұлтты күштерді Қауіпсіздік кеңесінің жасақтауын қалайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG