Accessibility links

Кеше БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше бес елдің сыртқы істер мин-лері Женевада кездесті.


Олар Ирақтағы жағдайды тұрақтандырып, елді қайта қалпына келтіру үшін АҚШ басқаруындағы халықаралық күштерді жасақтау мен көбірек қаржы тарту мақсатындағы Америка ұсынған жобаны талқылады. Талқылаудан кейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл былай деп атап көрсетті: - Біздің шешім жобасының кейбір аспектілері жөніндегі пікірлер әртүрлі. Және олардың қандай екендігін сіздер жақсы білесіздер, мен Францияның сыртқы істер мин-трі Доминик де Вилепинмен бұл айырмашылықтарды талқыладым, Германиямен де талқыланды. Ең маңыздысы біз бүгін өз уақытымызды өзекті жайларды ойластыруға арнадық, көзқарастарды жақсы түсіне бастағанымызды келесі аптада Нью-Йоркке оралатын тұрақты өкілдерімізге хабарлай аламыз, - деді Колин Пауелл. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан бес елдің де өкілдері Ирақта билік мүмкіндігінше тез арада елдің өз тұрғындарына берілуі керектігімен келісті деген. АҚШ президенті Дж.Буш радио арқылы үндеуінде Американың Ирақтағы бағыты айқын, ол террроршыларды талқандап, халықаралық қолдауды азат болған Ираққа тарту, билікті жылдамырақ Ирақ халқына беру деп атап көрсеткен.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG