Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Қазақстан үкіметінде министрліктің саны артты. Қазақстан республикасының мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазқстан президентінің Жарлығымен екі бөлек министрлік болып қайта құрылды. Сөйтіп Қазақстан республикасының Мәдениет министрлігі және Қазақстан республикасының ақпарат министрліктері деген қос министрлік пайда болды.

Бүгін Атыраудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық тойына қатысқан Қазақстан президенті Н.Назарбаев Атырау-Орал автомагистралі құрылысының барысымен танысып, Орал өзенінің үстінен салынатын автокөпірдің іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Жексенбі күні Алматы қаласында Қазақстан Коммунистік партиясы мен зейнеткерлдің "Поколение" қоғамдық қозғалысы мен бірқатар қоғамдық ұйымдардың солшыл қанаттары митинг өткізген. Олардың көздеген мақсаттарын жиынға қатысушылар әртүрлі түсіндірген. Митингке 200 дей адам қатысады деп болжалғанымен, алаңда төбе көрсеткендердің ұзынсаны 25-тей болған.

Қазақстанда кезекті астық жинау науқанынң қызған шағында жанар-жағар май бағасы тағы да аспандап кетті. Парламент депутаттары мұндай келеңсіз көріністің бір емес бірнеше жылдан бері айна-қатесіз қайталанып келе жатқанына қынжылыс білдіріп, үкіметтің оның себеп-салдарын түсіндіруін талап етті. Мұнай өнімдерінің бағасына бақылау жасайтын арнайы жүйе қажет деген келісім жасалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG