Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Палестин басшысы Ясер Арафат Израил тарапынан қуғындалуы немесе өлтірілуі мүмкін дегенді қостамады.


Бағдадта сөйлеген сөзінде ол мұндай қимыл араб және мұсылман әлемінде, басқа да жерде ашу-ыза, кек туғызады деді. - АҚШ Арафат мызаның қуылуын немесе аластатылуын жақтамайды. Бұл біздің жағдайымыз емес, Израил үкіметі бұны біледі. Оның аяғы жақсылыққа апармайды. Менің ойымша бүкіл мұсылман-араб әлемінде , жер бетінің басқа да бөлігінде кектенушілер көбейеді, - деп атап көрсеткен АҚШ мемлекттік хатшысы. Бұдан сәл ертерек Израилдың премьер-министрінің орынбасары Ехуд Олмерт Арафатты биліктен кетіру үшін оны өлтіру Израил үшін заңды жолдың бірі деген болатын. Ол бұны раио арқылы сөйлеген сөзінде айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG