Accessibility links

Кеше Швеция тұрғындарының евро валютасы аймағына қосылу қосылмау жөнінде дауыс беру қорытындысы "жоқ" деген жауап болған.


Кешкілік барлық берілген дауысты санау нәтижесінде евроға қарсылардың жинаған даусы 56 процент болса, жақтағандар 42 процент болып шыққан. "Қорытынды айқын" деген премьер-министр Горан Перссонның үкіметі бұл науқанда жеңіліс тапты. Өткен аптада евро валютасын қолдануға өту бағытын қолдаушылардың бірі - Швецияның сыртқ ы істер министрі Анна Линдке қастандық жасалып, өлтірілген соң, науқанды жүргізу тоқтатылған болатын. Линдтің өлімі мүмкін евро пайдасына дауыс берілуіне ықпал етер деген де ой болған. Шведтің полициясы болса, Линдтің өлімі референдуммен байланысты болмауы мүмкін деп ойлайды. Кеше кешкісін күмәнді деп күдіктелген адамның суреті жарияланған соң, мыңдаған өтініштер түсті дейді полиция.
XS
SM
MD
LG