Accessibility links

Кеше Эстония халқы елдің Европа одағына қосылуына жақтап дауыс берді.


Дауыс беруге қатысқандардың 67, 4 проценті одаққа өтуге келісім білдірсе, 32,6 проценті қарсы болған. Саулау комиссиясының айтуынша референдумға сайлаушылардың 63 проценті қатысқан. Эстония 15 жылдан бері Европа одағына қосылуға ұмтылып келеді деген экономика министрі. Эстония келесі жылы мамыр айында Одақ қатарына қосылғалы отырған шығыс Европаның сегіз мемлекеті ішінде соңғылардың бірі болып референдум өткізді, ең соңғы референдум алдағы аптада Латвияда болады. Словения, Литва, Венгрия, Словакия, Польша, Чех республикасы жане Мальта Европа одағына қосылу жөніндегі референдумдарын өткізіп, бюллетендерін санап қойды.
XS
SM
MD
LG