Accessibility links

Кеше Бағдадта АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Ирақтың саясаткерлерімен кездесіп, елдің болашағы турасында әңгімелесті.


Ирақтың уақытша сыртқы істер министрі Хошияр Зебаримен сөйлесулерден кейін Пауелл Америка Ирақтың Конститутциясының жазылып бітуін асыға күтетіндігін айтқан. Сонда ғана Ирақ адамдарына билік беріледі деген ол. - Біздің көргіміз келіп отырған үкімет заңды болуы керек. Ол адамдар мақұлдаған конститутциямен ғана келеді. Сіздерде конститутция болғанда ғана жаңа үкіметті заңды сайлай аласыздар. Мен басқарушы кеңеске нақты мерзім бердім, - дейді Пауелл. Пауелл АҚШ егеменді Ирақты келер жылдың аяғына қарай көруден үмітті, бірақ ол елдегі қауіпсіздіктің жағдайына байланысты деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG