Accessibility links

Германия экономикасының күндері


Алматыда қыркүйектің 29-30-ы күндері «Қазақстан мен Германия арасындағы шексіз экономикалық қатынастар» деген тақырыпта Германия экономикасының күндері өтеді.

Германияның Қазақстандағы Елшісі Андреас Кертинг мырзаның айтуынша, шараның мақсаты – қазақстандық және неміс компаниялары арасындағы іскерлік байланыс пен ынтымақтастықты дамыту. Қазақстандағы жұмыс істейтін, және Қазақстанда бизнес жүргізуге алғаш ынта білдірген неміс компанияларын таныстыру.

Аталған шара қыркүйектің 29-ында Алматыда басталады. Ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков мырза қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар Германия елшісі Андреас Кертинг, Саксония федералды жердің және Германия машиналар мен жабдық өндірушілер Бірлестігінің делегация өкілдері, Германия экономикасы клубының мүшелері, Берлин мен Бранденбург аймақтарының кәсіпкерлері және қазақстандық серіктестіктер қатысады.

Қыркүйектің 30-ы күні Анкара қонақ үйінде 100 астам неміс компанияларының тұсау кесу рәсімі болады. Сауда экономикалық байланыс пен ынтымақтастық орнату бойынша Қазақстан мен Саксония, Баден-Вюртенберг федералды жерлердің биржасы өтеді. Соңғы аталған шараның мақсаты – екі ел арасындағы сауда экономикалық байланыстарды қолдау мен орнату болып табылады.

Қазан айының 1-2 –сі күндері Германия Экономикасы Күнінің шаралары Астанада жалғасады.
XS
SM
MD
LG