Accessibility links

Мемлекеттік емес күзет және терроршылдықпен күрес

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Мемлекеттік емес күзет құрылымының құқық тәртібін қамтамасыз етудегі және терроршылдықпен күрестегі мүмкіндіктері

Осыған орай күзет құрылымының генерал Болат Баекенов бастаған басшылары дүйсенбі күні Алматыдағы ұлттық баспасөз клубында журналистердің басын қосып, елде қалыптасып отырған қылмыстық жағдайға орай , түрлі көріністермен күрес жүргізуде пәрменділік таныту қажеттігін ортаға салды.

Әлемде экстремистік пиғылдағы топтар барған сайын белсенділік көрсетуде. Олар саяси оқиғалардың дамуына өздерінің наразылығын адамға жат және қисынға келмейтін террорлық актілерге ұштастырып, көптеген адам өліміне және қиратып, бүлдіруге әкеп соқтыруда. Осыған орай қазіргі уақытта азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқық тәртібін қолдау террорлық және экстремизммен күрес жүргізу мәселелерін негізінен алғанда, ІІМ, ҰҚК, қаржы полициясы секілді күш құрылымдары айналысатындығы айтылды.

Қазақстан күзет ұйымдарының президенті Болат Баекеновтың келтірген мәліметтеріне жүгінсек, республикада 1330 күзет субьектісі, бар, онда 24 мыңдай адам жұмыс істейді.

- Күзеттің мақсаты - ол мемлекет мүддесін қорғайды. Соңғы кездері әлем деңгейінде өріс алып, көбейіп бара жатқан террорлық әрекеттердің Қазақстанда болмауын қадағалайды, - дейді Болат Баекенов.

Сонымен қатар, осы басқосуда атап өтілгеніндей, жеке күзет қызметі саласында да адал емес бәсекелестік, мемлекеттк органдармен байланыс орнату мәселесінде прблемалар туындап отырғаны айтылды.
XS
SM
MD
LG