Accessibility links

Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясы Қазақстандағы әлеуетiн бекемдеа жатыр

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ

Қыркүйектiң 15-i күнi Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясының /CNPC/ Маңғыстау облысындағы Солтүстiк Бозащы кен орнының жеке-дара қожайынына айналғаны мәлiм болды.

Бұрын аталған кен орнының 35 пайыздық үлесi Сауд Арабиясының Nimir Petroleum Ltd компаниясының, 65 пайызы Америка Құрама Штаттарының Chevron Техаcо компаниясының иелiгiнде болатын. Тамыз айында Сауд Арабиясы компаниясының үлесiн сатып алған CNPC Солтүстiк Бозашы мұнай кенiшiн толығымен өзiне алуға ниеттi екенiн бiлдiрген-дi.

Қазақстандағы мұнай саласы мамандарының бiрi, Қазақстанның Инженерлiк академисының бiрiншi вице-президентi Надир Надиров аталған кен орнының Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясының иелiгiне басы бүтiн өтуiн саяси бизнес деп мәлiмдедi.

Солтүстiк Бозащы кен орнының қоры, болжам бойынша, орта есппен 500 миллион барелге жетедi. Ал Қытай компаниясы кенiштiң жыл сайынғы өндiрiстiк қуатын қазiргi 300 мың тоннадан 1 миллион тоннаға дейiн арттыруды көздеп отыр. Бұл жобаны Chevron Техаcо комапаниясы да iске асыруға мүдделi болатын. Бiрақ, бiр жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Үкiметiнiң келiсiмiн ала алмаған едi. Ал Надир Надировтың пiкiрiнше, аталған кенiштiң қолдан қолға өтуi Батыс Қытайға мұнай құбырын тарту жобасына байланысты болуы да мүмкiн. Өйткенi, Қызылорда облысындағы Қарақайың мекенiнен бастау алатын бұл құбыр үшiн жылына кем дегенде 25 миллион мұнай қажет.

Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясы бүгiнгi таңда «CNPC -Ақтөбемұнайгаз» ашық акционерлiк қоғамының 85 пайыздық үлесiне ие. Жыл сайын 5 миллион тонна мұнай өндiретiн «CNPC -Ақтөбемұнайгаз» бiрнеше ай бұрын өнiмiн Каспи мұнайқұбыры консорциумы арқылы тасмалдай бастады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясы Батыс Қытайға тартылатын құбыр құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесiн жыл аяғына дейiн жасап бiтiру жөнiнде келiсiмге келiп отыр. Қысқасы, Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясы Қазақстанның мұнай базарындағы әлеуетiн бекемдей түсуде.
XS
SM
MD
LG