Accessibility links

Өзбекстанға ашық түрде экспортталып жатқан қазақ астығының мөлшері 16 есеге дерлік өскен.


ШЫМКЕНТ: Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік терминалы арқылы Өзбекстанға ашық түрде экспортталып жатқан қазақ астығының мөлшері, облыстық кеден басқармасының бастығы Ұлықбек Жаңабаевтың мәлімдеуінше, 16 есеге дерлік өскен. “Қазақстан тудэй” агенттігінің хабарлауынша, 2003-інші жылдың 8 айы ішінде кеден қызметі 12,5 млн. доллар тұратын 111,5 тонна ұнның декларациясын рәсімдеген. Оңтүстік Қазақстан облысының бас кеденшісі Ұ.Жаңабаев оны қазақ-өзбек шекарасындағы бақылаудың қатаңдатылуымен түсіндіреді. Атап айтқанда, кеденшілер мен шекарашылардың шұғыл топтары күзет қойылмаған жаяу жолдарға тосқауыл қойған.
XS
SM
MD
LG