Accessibility links

МАГАТЭ-ке мүше елдердің Венада аылған жалпы мәжілісінде Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал талданбақ.


ВЕНА: Бүгін атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-ке мүше елдердің Венада жалпы мәжілісі ашылды. Онда талданатын басты тақырыптардың бірі – Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал болмақ. Сонымен бірге, биліктен құлатылған Саддам Хусеин режимінде ядролық қару жасау бағдарламасының болған-болмағанын дәлелдейтін айғақтарды іздеу мақсатында – Ирақтың ядролық мекемелерін тексеруді қайта жалғастыру мәселесі де көтеріледі деп күтілуде. Өткен аптада МАГАТЭ басшылығы Иранның өзінде әскери ядролық бағдарламасының жоқтығын дәлелдейтін айғақтарды 31-інші қазанға дейін беруге міндеттейтін қаулыны мақұлдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG