Accessibility links

Техран МАГАТЭ-мен ынтымақтасып жұмыс жасаймыз деген.


Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен өзінің ядролық орындарын қысқа ғана бақылау жасайтын хаттама негізінде келіссөздерді жалғастыратындығын айтқан. Иранның атом энергиясы агенттігінің жетекшісі Голамрез Агазейд былай деген: - Иран өзін ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық Келісім жауапкершілігіне тек келісімге сай міндеттеріне байланысты ғана емес, өзінің діни және этикалық көзқарастарына да сәйкес толық бағыттайды, - деп айтқан. Ол сондай –ақ МАГАТЭ-мен қосымша хаттамаға қол қойылған соң келіссөздерді бастаймын деген. Американың энергетика министрі Иранның Халықралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтаса жұмыс істеу бағытын құптап қарсы алған.
XS
SM
MD
LG