Accessibility links

Вашингтон Израилды ақшалай айыптау керек деп есептейді, бірақ нақты шешім жоқ.


АҚШ шенеуніктері Вашингтон егер Палестин территориясында еврей елді мекендерін орналастыруға қаржы жұмсауды жалғастыра беретін болса, онда Израилды ақшалай айыптау керек деп есептейді дейді. Дегенмен де олардың айтуынша әзірге бұл тұрғыда нақты бір шешім қабылданбаған. Сондай-ақ Израилды Батыс жағалауда салып жатқан қауіпсіздік кедергісі үшін де айыптайтын ешбір шешім алынбаған. Президент Дж.Буш қауіпсіздік қамалын бейбіт реттеудің проблемасы деп алдын-ала атаған болатын. Палестиндіктер мен араб мемлекеттері Қауіпсіздік кеңесінің Израилдан Арафатты елден шығарып, биліктен қуғындамауға кепілдік беруін сұраған шешім алуына көзін жеткізді. Интрефакс агенттігі Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Федотов бұл ұсынылған шешім Ресей бағытынан алшақ емес деп айтты хабарлайды.
XS
SM
MD
LG