Accessibility links

Кеше БҰҰ-ның Таяу шығыстағы басты уәкілі бұл аймақтағы жақын арада болған оқиғалар бейбіт реттеу процесін тұсап тастады деген.


Дегенмен де Терж Роед Ларсен Қауіпсіздік кеңесіне аймақтағы бейбіт реттеу процесі толықтай өліп қалды деп дабылдатуға болмайды деген. Кеше қауіпсіздік кеңесі жақындағы Израилдың Ясер Арафаттың көзін жоямыз не қуғындаймыз деген сөздерінен соң, дағдарысты талқылауға жиналған. БҰҰ-дағы Израилдың елшісі Дэн Джиллерман Арафатты кетіру бейбіт бастаудың алды болады деп, Арафатты әлемдегі терроршылдықтың ең мықты нысаны деп атаған. Ал бұл кезде БҰҰ-ғы Палестин өкілі Әл-Кидуа мәжілістен шығып кетіп, кейіннен былай деп атап көрсеткен. - Осы бір дағдарысты жағдайда Палестин жері мен оның адамдары басып алатын аймақ емес екендігін айқын да анық мәлімдеу керек. Палестин жетекшісін қуғындау немесе солай жасаймыз деп қайта-қайта айта беру, Палестиннің ұлттық ар- намысын таптау және бұл Палестин билігін жойып,екі жақтың арасындағы кез-келген бейбіт процесті жоққа шығарады, - деген. Израил үкіметі Арафатты кетірудің қалай орындалатындығын әзір айқындамаған. Кеше Израил премер-министрінің орынбасары Эхад Олмерт мүмкіндіктің бір жолы оны өлтріу деген болатын. Бірақ Израилдың сыртқы стер министрі Силван Шалом Изралдың ойында Арафатты өлтіру болған жоқ деп айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG