Accessibility links

«Алматы мен Астанада жер бағасы қымбатырақ болады»


Жер кодексінің қолданысқа енгізілуі

Жер кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы, Шаруа-фермер қожалықтары туралы, бас қалалар ретінде Алматы және Астана қалаларының мәртебесі жөніндегі және Бюджет жүйесі туралы заңдарға жалпы саны - 40 өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек.

Қыркүйектің 16-ы күні Қазақстан Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде өткен отырыста жер қатынастарын реттеу мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Мәжіліс депутаты Владимир Асановтің айтуынша, салық заңдылықтарына енгізілетін өзгерістерде жер салығы, жалға алу, оның ішінде қысқа және ұзақ мерзімге жалға алу бағасы енгізіледі. Ауыл шаруашылық мақсатындағы және қалалық жерелердегі жер бағасының мөлшері қамтылмақ.

Владимир Асановтің айтуынша, жер бағасының мөлшері әсіресе, Астанада ұлғайтылған. Бір шаршы метр жер 1 180 теңге тұратын болады. Ал, Алматы қаласында бір шаршы метр жердің бағасы-780 теңге тұратын болады. Ал, ресупбликаның басқа қалаларында жер бағасының өсуі айтарлықтай болмайды. Жергілікті органдарға жердің орталықта немесе қала шетінде орналасуына қарай бағаны еке есе өсіруіне рұқсат берілмек. Яғни, қала орталығындағы жердің бағасы шеткі жақтарға қарағанда қымбатырақ болады. Сондықтанда Астанадағы Есілдің сол жағалауындағы жер бағасы екі есе қымбат болады. Владимир Асановтің айтуынша, жерді жалға алудан және сатып алудан түскен қаржы бюджетке түседі.

Ал, Жер ресурстары жөніндегі Агенттіктің төрағасы Бақыт Оспановтың айтуынша, кейбір заңдарды жер кодексіне сәйкестендіруде облыс және қала әкімдерінің құзырына қатысты мәселелер бар:

Мәселен, Алматы қаласының маңындағы жер облысқа қарайды. Қала маңайындағы жерге зауыт немесе санитарлық, экологиялық жағдайға байланысты көптеген дүниелерді салуға болмайтын шығар. Соған байланысты қала әкімінің құзыры ол жерге жүрмейді. Сол себептен ол облыс әкімімен келісіп шешуі керек. Бұл орайда қала маңына қатысты заңға өзгерістер енгізіп отырмыз.

Жер қатынастарын реттеуге байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтурлар енгізу туралы заң жобасы алдымен Мәжіліс бюросында қаралып, алдағы аптада жалпы отырыс қарауына қойылады деп жоспарлануда. Жоба екі оқылымда қаралады.
XS
SM
MD
LG