Accessibility links

АҚШ-тың саяси билікті ирактықтарға тапсыруы

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Саяси билікті ирактықтарға тапсыру жөнінде АҚШ тарапы қатты қысымда қалып отыр. Ирак астанасы Бағдатта болған кезінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұл міндеттің қашан жүзеге асырылатындығы жөнінде нақты мәлімет бере қойған жоқ.

Саяси биліктің ирактықтарға берілуі жөніндегі талапты ресми Вашингтонға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер және АҚШ тарапынан тағайындалған Ирактың өкіметтік Кеңесінің жекелеген тұлғалары қойып отыр. Бұл сауалды АҚШ және Қауіпсіздік кеңесінің басқа да мүшелері өткен демалыс күндері Женевада болған басқосу барысында талқылаған болатын. Алайда, қандайда бір келісімге қол жеткізілген жоқ. Ал, Бағдатта болған кезінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел егемендіктің Ирак халқына қайтадан қашан табыс етілетіндігі жөнінде ешқандай мәліметтер бере қойған жоқ. Бұл жерде шешімін күтіп отырған бірнеше мәселелер бар, - деді ол.

“Әркімнің-ақ бұл мәселені тездеткісі бар. Әркім бұл шаруаның жедел түрде шешілгендігін қалауда. Біз бұл жерде қажеттен артық бір күн де тұрғымыз келмейді. Себебі бұл іс өте қымбатқа түсуде. Біздің жас солдаттарымыз үйлеріне тезірек қайтқанды қалайды. Біз бұл жерде жауапкершіліктерді өз мойнына ала-алатын жаңа өкімет құрылғанға дейін тұра тұрмақшымыз-, дей келіп, Пауел мырза істі тиісінше атқара алатын өкімет және елдегі заңдылық шарттары қалыптасқанға дейін саяси билікті асығыс түрде тапсыру жақсы нәтижелерге әкеле қоймауы мүмкін, - деді.

Ирак өкіметтік Кеңесінің беделді тұлғалары да Ирактықтарға мол биліктің берілетін уақыты жетті-, деп отыр. Мысалы, Ирак Ұлттық конгресінің басшысы, сондай-ақ Кеңестің осы айдағы төрағасы Ахмед Чалабидің пікірінше Кеңес мүшелері билік тұтқасының ирактықтарға мейлінше тез арада тапсырылуына қол жеткізуге тырысуда-, деді. Мұндай талаптарды елдегі басқа да саяси ұйымдар басшылары қолдап отыр. Ирактың аралық өкіметтегі Сыртқы істер министрі Хошиар Забаридің болжамынша, 2004-ші жылдың ортасы немесе соңына қарай, сайланып қойылған өкімет өз жұмысына кірісуі мүмкін.

Лондонда орналасқан Економикалық және Саяси зерттеулер орталығының Ирак мәселесі бойынша сарапшысы Яхия Сайдтың пікірінше билікті тапсыру жөніндегі жағдай жеделдетіліп отырған сыңайлы. Алайда бұл сауал ойлағандағыдан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. “Менің ойымша, тағы бір маңызды мәселе- Ирак кеңесіне саяси биліктің қаншалықты дәрежеде тапсырылғанына қарамастан, елдегі ең басты қауіпсіздік күштері ұзақ мерзімге дейін қала беретін болады, - дейді Сайд мырза.

Ал, Британияда орналасқан Араб және Ислам істері бойынша зерттеулер институтының зерттеушісі Симон Женкинсонның пікірінше, АҚШ басшыларының не айтқанына қарамастан Құрама Штаттарының күштері бұл елді оңайлықпен тастап шығып кете қоймас. Иракқа бақылау орнату үшін соғыс ашқан Құрама Штаттарының оп-оңай бұл істен бас тарта қоюын елестету қиын,- дейді ол.

Дей тұрғанмен, Сайд мырзаның пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдары жазып жақтандайАҚШ елінің Франциямен және басқа да елдермен арасындағы келіспеушілік соншалықты шиеленісті жағдайда емес. Ирак мәселесіне байланысты проблемалар оң шешімін табуы мүмкін-, дей келіп Сайд мырза Ирак өкіметтік Кеңесінің қолына көп биліктің берілуі болашақта ирактықтар қолына мол саяси биліктің тапсырылуына алып келетін болады-, деді.
XS
SM
MD
LG